Center Image
IHSAN.KZ
Тәуелсіздік күніне орай балаларға мерекелік қуаныш сыйланды
Тәуелсіздік күніне орай балаларға мерекелік қуаныш сыйланды
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай және «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Қарағанды облысының балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында и қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Маңызды мереке қарсаңында өткен шара барысында ерекше балаларға шаттық сыйлау мақсатында бүлдіршіндерге ойыншықтар мен жеміс-жидектер үлестірілді.

Қайырымдылық шарасына ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Асылхан Рахымжанұлы арнайы қатысып, балаларды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. 

Сонымен қатар ол мейірім мен жанашырлықтың, отбасы құндылықтары мен қоғамдағы өзара қолдаудың маңыздылығына тоқталып, бүлдіршіндерге ақжарма тілегін білдірді.

Айта кетейік, бұл игі шара демеуші азаматтардың қолдауымен жүзеге асып, қоғамдағы қайырымдылық пен ізгілікті арттыруға бағытталды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz