Center Image
IHSAN.KZ
Отанды сүю – имандылықтың белгісі
Отанды сүю – имандылықтың белгісі

Қарағанды қалалық «Төле би» мешітінің наиб имамы Диербек Аширматов жамағатқа Отанға сүйіспеншілік пен елге адал қызмет ету тақырыбында уағыз айтты.

Уағыз барысында имам Отанды сүю – имандылықтың бір көрінісі екенін атап өтіп, қоғамдағы бірлік пен тыныштықты сақтау, ел алдындағы жауапкершілікті сезінудің маңыздылығына тоқталды. 

Сонымен қатар, жастарды заңға құрметпен қарап, бейбітшілік пен татулықты нығайтуға шақырды.

Уағыз соңында еліміздің амандығы мен тұрақтылығы, жұртымыздың береке-бірлігі үшін дұға жасалды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz