Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде Тәуелсіздік күніне орай тағылымды рухани шара ұйымдастырылды.
Шара барысында мешіт имамы Махмуд қажы Нұрұлы шәкірттер тарапынан оқылған Құран хатымның дұғасы жасалды.
Рухани жиында еліміздің тәуелсіздігі жолында жанын қиған бабаларымыздың, сондай-ақ Желтоқсан оқиғасы кезінде қаза тапқан азаматтардың рухына арнайы дұға бағышталды.
Іс-шараның жалғасында шәкірттер үшін дастархан жайылып, өзара әңгіме-дүкен құрылды. Жиынға қатысушыларға отансүйгіштік, бірлік пен рухани құндылықтардың маңызы жөнінде насихат айтылды.
Аталған шара жас ұрпақты имандылыққа, елжандылыққа тәрбиелеуді және тарихи сананы нығайтуды мақсат етті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы