Center Image
IHSAN.KZ
Ақтау кентінде жол қауіпсіздігі үшін құрбандық шалынды
Ақтау кентінде жол қауіпсіздігі үшін құрбандық шалынды

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Ақтау–Теміртау автожолы мен Нұрқазған елді мекеніне апаратын жол қиылысында екі бас малды құрбандыққа шалынып, елдің амандығы мен жол қауіпсіздігі үшін арнайы дұға жасалды.

Игі шара Ақтау кенті тұрғындары мен ауыр жүк көлік жүргізушілерінің мұрындық болуымен жүзеге асты.

Теміртау қаласына қарасты Ақтау кенті мешітінің имамы Жұмабай Фазылахмад Асламденұлы адам өмірінің қадірі, сақтық пен жауапкершіліктің маңызы жөнінде насихат айтып, жолаушылар мен тұрғындардың жолда аман-есен жүруін тіледі.

Аталған шара қоғамда қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және тұрғындар арасында бірлік пен ауызбіршілікті нығайтуды мақсат етті.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz