Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде үстел теннисінен достық сайыс ұйымдастырылды
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде үстел теннисінен достық сайыс ұйымдастырылды
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында жамағат арасындағы бірлікті нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулықты күшейту және бауырмалдық қарым-қатынасты арттыру мақсатында үстел теннисінен достық сайыс өткізілді.

Іс-шараны мешіт имамы Азамат Төлеуханұлы кіріспе сөзбен ашып, қатысушыларды елдік құндылықтарды құрметтеуге, ауызбіршілік пен ынтымақты сақтауға шақырды, сондай-ақ жарысқа қатысушы жігіттерге сәттілік тіледі.

Сайыс барысында жамағат мүшелері өзара сыйластық пен спорттық этиканы сақтай отырып, жоғары белсенділік танытты. Жарыс достық әрі ынтымақты атмосферада өтіп, қатысушыларға пайдалы демалыс пен рухани серпіліс сыйлады.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

 I орын – Аманбаев Ұлан (20 000 теңге),

 II орын– Калиахметов Жеңіс (15 000 теңге),

 III орын– Талғатұлы Нұрболат (10 000 теңге).

Аталған спорттық шара мешіттің жамағатпен жүйелі түрде жұмыс жүргізу, олардың рухани және әлеуметтік байланыстарын нығайтуға бағытталған тұрақты әлеуметтік-рухани жобаларының бірі ретінде ұйымдастырылды.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz