Center Image
IHSAN.KZ
«Ар-Рахман» мешітінде кезекті қайырымдылық шарасы жүзеге асты
«Ар-Рахман» мешітінде кезекті қайырымдылық шарасы жүзеге асты
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға көмек көрсету мақсатында жоспарлы қайырымдылық шарасы өткізілді. Аталған іс-шара мешіт имамының ұйымдастыруымен және мешіт жамағатының демеушілігімен жүзеге асырылды.

Қайырымдылық шарасы аясында әлеуметтік жағдайы төмен, көмекке мұқтаж 5 отбасыға азық-түлік түрінде материалдық қолдау көрсетілді. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – қоғамда жанашырлық пен өзара көмек көрсету мәдениетін қалыптастыру, әлеуметтік жауапкершілікті арттыру және азаматтардың әл-ауқатын қолдау болып табылады.

Аталған іс-шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет және қайырымдылық қоры» бағыты аясында жүзеге асырылып, мешіттің әлеуметтік бағыттағы тұрақты қызметінің бір бөлігі ретінде ұйымдастырылды. Қайырымдылық жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатыны атап өтілді.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz