Қарағанды қалалық «Хазрет Әли» мешітінде дін мен дәстүрдің өзара сабақтастығы тақырыбында насихат айтылып, ұлттық құндылықтарды ислам дінімен ұштастыра сақтаудың маңыздылығы насихатталды.
Насихат барысында мешіт наиб имамы Танат Тилманов ата-баба жолы, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың ислам қағидаларымен үйлесімі, сондай-ақ қоғамдағы рухани бірлікті нығайтудағы діннің рөлі туралы кеңінен түсіндірді.
Сонымен қатар жастарды жат діни көзқарастардан сақтанып, дәстүрлі ислам құндылықтарын ұстануға шақырды.
Шара соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, елдің тыныштығы мен бірлігі үшін дұға жасалды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы