Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай тағылымды рухани шара өтіп, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасында елдің азаттығы үшін жанын қиған боздақтар еске алынып, рухтарына қасиетті Құран бағышталды.
Шара аясында мешіт имамы Рауан Төлеубекұлы жамағатқа тәуелсіздіктің қадір-қасиеті, ел еркіндігі жолында құрбан болған ерлердің ерлігі жайлы насихат айтты.
Имам өз сөзінде Тәуелсіздіктің оңайлықпен келмегенін, Желтоқсан боздақтарының ерлігі бүгінгі бейбіт өмірдің негізі екенін атап өтті.
Сонымен қатар отансүйгіштік, бірлік пен елге адал қызмет ету әрбір азаматтың парызы екенін тілге тиек етті.
Шара соңында мешіт жамағаты бір дастархан басына жиналып, ел амандығы мен бірлігі үшін дұға жасалды.
Тәуелсіздік рухын ұлықтаған бұл тағылымды басқосу жамағатқа терең ой салып, тарихи жадымызды жаңғырта түсті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы