Center Image
IHSAN.KZ
Шахтинск қаласында Тәуелсіздік құрбандарына Құран бағышталды.
Шахтинск қаласында Тәуелсіздік құрбандарына Құран бағышталды.
16-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қарағанды облысы, Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде ел тарихындағы азаттық жолында құрбан болған азаматтардың рухына арнап Құран оқылып, дұға бағышталды.

Игі шара барысында жиналған жамағат Тәуелсіздік жолында жанын қиған боздақтарды еске алып, олардың ерлігі мен елге сіңірген еңбегін ұлықтады. Мешіт имамы Тәуелсіздіктің оңайлықпен келмегенін атап өтіп, елдің тыныштығы мен бірлігі, халықтың амандығы үшін дұға жасады.

Сондай-ақ бұл шара жастарға отансүйгіштік рух беріп, тарихи жадымызды жаңғыртуға, елге қызмет етудің маңызын түсіндіруге бағытталды. Құран оқылып болған соң, Қазақстанның бейбітшілігі мен тұрақтылығы, халықтың берекесі үшін арнайы бата жасалды.

Осындай тағылымды жиындар ел бірлігін нығайтып, ұлт руханиятының дамуына өз үлесін қоса беретіні сөзсіз.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz