Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданында 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай қазақ күресінен спорттық сайыс өтті.
Ұлттық спортты дәріптеуді мақсат еткен жарысқа Бұқар жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің шәкірттері қатысып, өзара бақ сынасты.
Сайыс барысында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында ел тәуелсіздігі үшін жанын қиған боздақтар еске алынып, рухтарына Құран бағышталып, дұға жасалды.
Шара жастарды отансүйгіштікке, рухани тәрбие мен салауатты өмір салтын ұстануға үндеді.
Ұлттық рух пен тәуелсіздік құндылықтарын ұлықтаған бұл спорттық шара тағылымды мәнге ие болды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы