Center Image
IHSAN.KZ
Тәуелсіздік мерекесіне орай 10 отбасыға азық-түлік таратылды
Тәуелсіздік мерекесіне орай 10 отбасыға азық-түлік таратылды

Теміртау қаласына қарасты Ақтау кенті мешітінде 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж 10 отбасыға азық-түлік дорбалары таратылды.

Шараның негізгі мақсаты - Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдау көрсету, қоғамда мейірім мен өзара көмекті арттыру. 

Қайырымдылық шарасы мешіт жамағаты мен демеуші жандардың қолдауымен жүзеге асты.

Игі іс барысында елдің амандығы мен бірлігі үшін дұға жасалып, Тәуелсіздіктің қадір-қасиеті атап өтілді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz