Center Image
IHSAN.KZ
«Иса молла» мешітінде Тәуелсіздік мерекесіне орай азық-түлік таратылды
«Иса молла» мешітінде Тәуелсіздік мерекесіне орай азық-түлік таратылды

Қарағанды облысы Шет ауданына қарасты Ағадыр кенті «Иса молла» мешітінде 16 желтоқсан  - Тәуелсіздік күніне орай қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. 

Игі шара мешіт имамы Нұржан Оңғарұлының ұйымдастыруымен өтті.

Қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік жағдайы төмен, көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттері таратылды. 

Бұл бастаманың мақсаты -Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсету, қоғамда мейірім мен бауырмалдықты нығайту.

Шара барысында елдің тыныштығы мен бірлігі, мемлекеттің тұрақтылығы үшін дұға жасалды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz