Тәуелсіздік күні қарсаңында Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің молдасы Сүйіндік Асқат Төлеуқұлұлы Қарағанды қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы №7-өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу барысында имам «Тәуелсіздік тұғырым» тақырыбында ой бөлісіп, қаламыздағы әр отбасының тыныштығы мен берекесін сақтап отырған адал еңбектің маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар өрт сөндіру қызметкерлеріне жат діни ағымдар туралы ақпараттар беріліп, діни білімді тек ресми көздерден – ҚМДБ тіркелген сайттар мен жергілікті мешіттердің ресми парақшаларынан алу қажеттігі түсіндірілді.
Сүйіндік Асқат Төлеуқұлұлы мереке күндері де ел тыныштығы үшін өз уақытын арнаған өрт сөндірушілердің еңбегін жоғары бағалап, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадисін келтірді: «Бала-шағасын адалынан асырауға тырысқан жан Алла жолында күресушімен тең, ар-ұятын сақтап, адал дүниені іздегендер шейіттермен деңгейлес».
Бұл сөздер қызметкерлердің рухын көтеріп, істеріне рухани серпін берді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы