Center Image
IHSAN.KZ
«Төлеутай ата» мешітінің имамы әскери бөлім сарбаздарымен кездесті
«Төлеутай ата» мешітінің имамы әскери бөлім сарбаздарымен кездесті

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлы әскери бөлімде болып, сарбаздармен «Жастар және Отан» тақырыбында рухани-танымдық кездесу өткізді.

Кездесу барысында имам жастарға Отанға деген сүйіспеншілік, елге адал қызмет ету, жауапкершілік пен тәртіптің маңызы жайында тағылымды насихат айтты. 

Сондай-ақ әскери борышты өтеудің қоғам мен мемлекет алдындағы жауапты міндет екеніне кеңінен тоқталды.

Іс-шара барысында сарбаздар тарапынан қойылған сұрақтарға имам тұшымды жауап беріп, рухани құндылықтарды сақтаудың маңызын атап өтті. Кездесу сарбаздарға рухани серпін беріп, отансүйгіштік рухты нығайтуға ықпал етті.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz