Center Image
IHSAN.KZ
Тәуелсіздік пен Мешіт мерейтойына арналған рухани кеш
Тәуелсіздік пен Мешіт мерейтойына арналған рухани кеш
Қазақстан Республикасының 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күніне және
Қарағанды қалалық “Әл-Ғаффар” мешітінің 1 жыл толуына орай мешітімізде тағылымы мол рухани жиын өтті.

Игі шара барысында Құран оқылып, еліміздің амандығы мен тыныштығы,
жеріміздің берекесі үшін дұға жасалды.

Арнайы қонақ ретінде
“Қажыбай Қажы” мешітінің бас имамы Нығыман Жандос келіп,
жамағатқа жүрекке жетер уағыз-насихат айтты.
Уағызда Тәуелсіздіктің қадірі, бірлік, имандылық пен елге қызмет ету жайында терең ой қозғалды.

Алла Тағала егемен елімізді аман, жұртымызды тыныш,
мешітімізді берекелі етіп, жамағатымызға ынтымақ нәсіп етсін.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz