Center Image
IHSAN.KZ
«Ар-Рахман» мешітінде дәстүрлі бейсенбілік басқосу жалғасын тапты
«Ар-Рахман» мешітінде дәстүрлі бейсенбілік басқосу жалғасын тапты
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде «Жат ағым – жарға жығады» тақырыбында дәстүрлі бейсенбілік рухани кездесу жалғасын тапты.

Іс-шара барысында мешіт имамы Азамат Төлеуханұлы жамағатқа деструктивті діни ағымдардың қоғам мен жеке тұлғаға тигізетін кері әсері, олардың алдын алу жолдары және дәстүрлі ислам құндылықтарын сақтаудың маңыздылығы жөнінде мазмұнды түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар діни сенім мәселесінде білімділік пен жауапкершіліктің, дұрыс ақпарат көздеріне сүйенудің және бірлікті нығайтудың өзектілігі атап өтілді.

Кездесу барысында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі ғылыми-танымдық негізде жауаптар беріліп, рухани шара өзара пікір алмасу форматында өтті.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жамағаттың діни сауаттылығын арттыру, діни экстремизм мен радикалды көзқарастардың алдын алу, сондай-ақ қоғамда бейбітшілік пен рухани тұрақтылықты нығайту болып табылады.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz