ҚМДБ «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында «Зекет және қайырымдылық қорының» Қарағанды облысы бойынша өкілдігі қаладағы зағиптар үйіне арнайы ат басын бұрып, әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандарға қайырымдылық дастарханын жайды.
Шара барысында қордың облыс бойынша жауапты өкілі Асылхан Рахымжанұлы мекемедегі зағип жандарға ізгі тілегін білдіріп, жүрекжарды лебізін арнады. Арнайы дастархан жайылып, ас берілді.
Игі шараны ұйымдастыруға мұрындық болған «Зекет және қайырымдылық қорының» ұжымына мекеме басшылығы атынан алғыс хат табысталды.
- Аталған шара қоғамдағы мейірімділік пен әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға және мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге бағытталған,- дейді «Зекет және қайырымдылық қорының» Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Асылхан Рахымжанұлы.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы