Center Image
IHSAN.KZ
Қарттарға құрмет - қайырымдылық шарасы жалғасын тапты
Қарттарға құрмет - қайырымдылық шарасы жалғасын тапты

«Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің ұстазы Фатима Аманболдықызы қазақ халқының қарттарға құрмет көрсету дәстүрін ұстана отырып, қаладағы қарттар үйінде қайырымдылық дастарханын ұйымдастырды.

Шараның негізгі мақсаты – қарттарға көңіл бөліп, оларға қуаныш сыйлау. 

Іс-шараға 140 қария қатысып, мешіт шәкірттерінің қолдауымен мерекелік дастархан жайылды. 

Қариялар мен мекеме ұжымы жасалған қамқорлыққа ризашылық білдіріп, шексіз алғыстарын жеткізді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz