Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданына қарасты
Байқадам ауылдық «Ғыйзат қажы» мешітінде «Жастар және Отан» тақырыбы аясында
жастармен тағылымды кездесу өтті.
Шараны мешіт имамы Орынбай Ерлан жүргізді.
Кездесу барысында имам тәуелсіздіктің
қадір-қасиеті, Отанға деген сүйіспеншілік, ел бірлігі мен ұлттық құндылықтарды
сақтау жайында кеңінен насихат айтты.
Сонымен қатар жастарды білімге ұмтылуға, дін мен
дәстүр сабақтастығын берік ұстануға, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуге
шақырды.
Жиын соңында қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын
қойып, рухани тақырыпта пікір алмасты. Мұндай кездесулер жастардың патриоттық
рухын көтеріп, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыруға зор үлес қосатыны атап
өтілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы