Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінің ұстазы Рахымбаева Айгерім шәкірттерге арнап «Тәуелсіздік – үлкен нығмет» тақырыбында тағылымды насихат айтты.
Кездесу барысында ұстаз тәуелсіздіктің қазақ халқы үшін баға жетпес құндылық екенін атап өтіп, ел бірлігі мен бейбітшіліктің маңызын кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ, жастарды отансүйгіштікке, ата-баба аманатына адал болуға, тәуелсіздікті қадірлеуге шақырды.
Насихат барысында шәкірттер рухани тәрбие алып, ел тарихы мен бүгінгі бейбіт өмірдің мәнін тереңірек ұғынды. Шара соңында қатысушылар тәуелсіз еліміздің тұғыры берік, келешегі кемел болуын тілеп, дұға жасалды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы