Center Image
IHSAN.KZ
«Ханифа» қыздар даму клубы жыл қорытындысын жасады
«Ханифа» қыздар даму клубы жыл қорытындысын жасады

ҚМДБ Қарағанды облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының бастамасымен «Ханифа» қыздар даму клубында жыл қорытындысына арналған тағылымды рухани-танымдық мастер-класс өтті. 

Шара «Жылды қорытындылап, жаңа жылға мақсат қою» тақырыбында ұйымдастырылды.

Аталған мастер-класс Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы, сондай-ақ облыс бойынша «Әйел-қыздар» секторының жауапты меңгерушісі Әйгерім Берікболқызының жетекшілігімен өтті. 

Шара барысында қатысушылар өткен жылға жан-жақты талдау жасап, рухани, әлеуметтік және жеке даму бағыттары бойынша алдағы кезеңге нақты әрі жүйелі мақсаттар белгілеудің маңыздылығына қанықты.

Сонымен қатар, мастер-класс аясында жоспарлау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тәжірибелік тапсырмалар орындалып, мақсат қоюдың тиімді әдіс-тәсілдері кеңінен түсіндірілді. Бұл тағылымды басқосу қыз-келіншектердің өзін-өзі дамытуына, уақытты ұтымды пайдалануына және өмірлік ұстанымдарын айқындауына оң ықпал етті.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz