Center Image
IHSAN.KZ
Жастар тәрбиесіндегі отансүйгіштік
Жастар тәрбиесіндегі отансүйгіштік

Қарағанды облысы, Саран қалалық мешітінде «Жастар және Отан» тақырыбында жастармен тағылымды кездесу өтті.

Кездесу барысында Отан ұғымының мәні кеңінен түсіндірілді. Отан – бұл туған жер, өскен орта, ана тілі мен ұлттық құндылықтар. Отанға деген сүйіспеншілік адамның жүрегінен басталып, нақты іс-әрекетімен айқындалатын асыл қасиет екені айтылды.

Шара барысында Отанға қызмет ету тек ел қорғаумен шектелмейтіні, ол адал еңбек ету, білімге ұмтылу, тәртіп сақтау, үлкенді сыйлап, кішіге құрмет көрсету, туған жердің тыныштығы мен тазалығына үлес қосудан басталатыны насихатталды.

Кездесу соңында жастарды Отанға деген махаббатты жүректеріне ұялатып, өзін түзеу арқылы қоғамды, қоғам арқылы мемлекетті нығайтуға үлес қосуға шақырды. Отанға қызмет ету – бүгіннен басталатын қасиетті жол екені ерекше атап өтілді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz