Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қорытынды Төралқа мәжілісі аясында өткен «Мүфтият үздігі – 2025» номинациясымен марапаттау рәсімінде Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің бірінші наиб имамы Хұмар Қоныскерей «Үздік наиб имам» номинациясын иеленді.
Салтанатты шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, номинация иегерлерін марапаттады.
Марапаттау рәсімінде сөз сөйлеген Бас мүфти:
«Бүгінгі мерейтой – Діни басқарманың ғана емес, күллі мұсылман жамағатының ортақ қуанышы. Бұл – имандылықтың, ізгіліктің, ел бірлігінің мерекесі. Алла Тағала осы қара шаңырақтың іргесін берік, өрісін кең етсін! Барша дін қызметкерлеріне, осы жолда еңбек етіп жүрген әріптестерге Алла разы болсын!
Бүгін “Мүфтият үздігі” атанып жатқан барша бауырларымды, әріптестерімді шын жүректен құттықтаймын. Бұл – жылдар бойы атқарылған еңбектің жемісі. Ең бастысы, Алланың марапатына ие болуды нәсіп етсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай! Алла Тағала Діни басқарманың қызметіне береке беріп, халқымыздың рухани дамуына мол игілік нәсіп етсін! Әумин!», – деді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы