Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қорытынды Төралқа мәжілісі аясында өткен «Мүфтият үздігі – 2025» номинациясымен марапаттау рәсімінде Қарағанды облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының маманы Түсіпбеков Асылхан Рахымжанұлы республика бойынша «Үздік зекет қызметкері» номинациясын иеленді.
Салтанатты шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, қордың ел игілігі жолындағы қарқынды әрі жүйелі қызметіне ризашылығын білдірді.
Айта кетейік, 2025 жылы Қарағанды облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қоры ауқымды жұмыстар атқарды:
• 1 188 қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды;
• 72 719 отбасыға қайырымдылық көмегі көрсетілді;
• «Өмірге үміт сыйла» жобасы аясында 467 науқас жанға көмек берілді;
• «Ел үлесі пәтерге» жобасы бойынша 13 баспана кілті табысталды;
• «Тайқазан» акциясы арқылы 4 933 отбасы азық-түлікпен қамтылды;
• «Білім» жобасы аясында 140 шәкіртке қолдау көрсетілді;
• «Мектепке жол» жобасы бойынша 938 балаға оқу құралдарымен көмек жасалды;
• «Раббың үшін құрбан шал» жобасы арқылы 15 024 отбасыға ет таратылды;
• «Шарапатты Рамазан» жобасы аясында 60 000 ауызашар себеті таратылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы