Center Image
IHSAN.KZ
Қарабас кенті мешітінде әлеуметтік көмек көрсетілді
Қарабас кенті мешітінде әлеуметтік көмек көрсетілді

Абай ауданына қарасты Қарабас кенті мешітінің имамы Шарифулла Шадиевтің ұйымдастыруымен әлеуметтік көмекке мұқтаж төрт отбасыға азық-түлік үлестірілді.

Қайырымдылық шарасының мақсаты – тұрмысы төмен, көпбалалы және қолдауға мұқтаж отбасыларға қол ұшын созу, қоғамда мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын насихаттау. 

Шара барысында қажетті азық-түлік өнімдері отбасыларға таратылды.

Аталған игі іс жамағаттың қолдауымен жүзеге асып, мұқтаж жандарға рухани әрі материалдық демеу болды. 



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz