Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің ұстазы Мамыт Оразалы жиналған жамағатқа «Отан және иман» тақырыбында насихат айтты.
Насихат барысында ұстаз Отанды сүю – иманның бір көрінісі екеніне тоқталып, елге адал қызмет ету, бірлік пен жауапкершіліктің маңызы туралы кеңінен баяндады.
Сондай-ақ жастарды отансүйгіштікке, рухани құндылықтарды қадірлеуге шақырды.
Рухани кездесу жамағатқа тағылымды ой салып, имани тәрбие беретін мазмұнды насихатпен қорытындыланды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы