Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Асылхан Нұртайұлының ұйымдастыруымен қысқы сауат ашу курсы өз жұмысын бастады.
Дәрістер 29 желтоқсан мен 10 қаңтар аралығында өтеді және 8–14 жас аралығындағы балаларға арналған.
Курс аясында алғашқы дәріс барысында шәкірттермен танысу өтіп, курс мақсаты мен оқу тәртібі таныстырылды.
Сонымен қатар, мешіт имамы Асылхан Нұртайұлы «Имандылық әліппесі» пәні бойынша дәріс өткізіп, жас өрендерге діни әдеп, имандылық және көркем мінез негіздерін түсіндірді.
Жас шәкірттер курстың алғашқы күнінен бастап белсенді қатысып, өздерінің ойларын бөлісіп, сұрақтарын қойды. Қысқы сауат ашу курсы балалардың рухани тәрбиесін дамытуға, Құран аяттарын және діни білімді терең меңгеруге бағытталған.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы