Center Image
IHSAN.KZ
Жамағатпен бір болу – бірлік пен берекенің негізі
Жамағатпен бір болу – бірлік пен берекенің негізі

Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызының ұйымдастыруымен мешіт шәкірттеріне «Жамағатпен бір болудың артықшылығы» тақырыбында уағыз-насихат айтылды.

Уағыз барысында ұстаз жамағатпен бірге болудың діндегі орны мен маңызын кеңінен түсіндіріп, бірлік пен ынтымақтың мұсылман қоғамындағы рөліне тоқталды. 

Сондай-ақ, жамағатпен оқылған құлшылықтың сауабы мол болатыны, бірлік бар жерде береке орнайтыны қасиетті Құран аяттары мен хадистер арқылы баяндалды.

Кездесу соңында жамағат көкейдегі сұрақтарын қойып, рухани тағылымы мол насихаттан үлкен әсер алғандарын жеткізді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz