Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде кезекті дәстүрлі бейсенбілік іс-шара аясында «Истиқамат» (діндегі беріктік) тақырыбында рухани дастархан ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында мешіт имамы Азамат Төлеуханұлы жамағатқа діндегі беріктіктің мәні, иман жолында тұрақтылық пен сабырлылықтың маңыздылығы, сондай-ақ көркем мінез бен тұрақты құлшылықтың адам өміріндегі рөлі жөнінде жан-жақты түсіндіру жүргізді.
Құлшылық пен тақуалық арқылы рухани кемелдікке жету жолдарына тоқталып, жамағатқа практикалық насихат берілді.
Рухани кеш барысында Құран аяттары оқылып, ел амандығы мен жамағаттың бірлігі үшін дұға бағышталды.
Аталған шара жамағаттың діни сауаттылығын арттыруға, рухани тәрбие беруге және ислам құндылықтарын насихаттауға бағытталған тұрақты жобалардың бірі болып отыр.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы