Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінің имамы Берік Алпысбайұлының ұйымдастыруымен мешіт жамағаты сенбілік дастархан басында бас қосты.
Игі шараның мақсаты – жамағат арасындағы бірлікті нығайту, бауырмалдық пен ынтымақты арттыру. Кездесу барысында имам Берік Алпысбайұлы жамағатқа қысқаша насихат айтып, исламдағы татулық пен өзара сыйластықтың маңызына тоқталды. Сонымен қатар, жамағатпен бірге жасалған дұға арқылы ел амандығы мен жұрт тыныштығы тілінді.
Шара соңында мешіт ұжымы сенбілік дастарханның өтуіне үлес қосқан барша азаматтарға алғыс білдіріп, жиналған қауым игі басқосудан рухани әсер алғандарын жеткізді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы