Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінің ұстазы Қарубай Берікұлы мешіт жамағатына жат діни ағымның алдын алу бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді.
Шара барысында имам Қарубай Берікұлы жамағатқа экстремизм мен секталық ағымдардың зияны, дініміздегі дұрыс сенім мен имандылықтың маңызы жөнінде кеңінен ақпарат берді. Қатысушыларға діни сауатты арттыру, адаспау жолдарын түсіндіру, жастар арасында дұрыс тәрбие беру мәселелері де сөз болды.
Жиналған жамағат имамның түсіндірмелерінен рухани тағылым алып, діни сауатын жетілдіру жолында маңызды ақпараттарға қанық болды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы