Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінің имамы Азамат Төлеуханұлы жамағатқа «Тәртіпсіздік – бөлікке, тәртіп – берекеге бастайды» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.
Уағыз барысында имам қоғамдағы тәртіп пен тәртіпсіздіктің рухани және әлеуметтік салдарын талдап, жеке адамның өмірінде және жамағат арасындағы қатынастардағы тәртіптің маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар имам жамағатқа тәртіптіліктің адам өміріндегі берекеге, ынтымақ пен келісімге апаратынын нақты мысалдар арқылы жеткізді.
Жұма уағызының негізгі мақсаты – жамағатты дұрыс мінез-құлыққа, қоғамдағы ынтымақтастық пен берекені сақтау жолында тәрбиелеу, сондай-ақ рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау болды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы