Center Image
IHSAN.KZ
Абай ауданы 2025 жылды қорытындыланды
Абай ауданы 2025 жылды қорытындыланды

Абай аудандық орталық мешітінің имамы Асхат Қанайұлының ұйымдастыруымен 2025 жылды қорытындылауға арналған рухани жиыны өтті.

Жиынға ауданға қарасты барлық дін қызметкерлері және мешіт ұжымы қатысты. Оларға арналған берекелі дастархан жайылып, қатысушылар бір-бірімен жылы жүзбен араласып, жылы лебіздерін білдірді.

Жиын барысында имам Асхат Қанайұлы өткен жылдың жетістіктері мен өткізілген іс-шараларды қорытындылап, дін қызметкерлерінің қажырлы еңбегін атап өтті. Сонымен қатар, 2026 жылға арналған жоспарларымен бөлісіп, ұжымға табысты еңбек, берекелі іс және жамағатқа қызмет ету жолында табыс тіледі.

Қатысушылар жиыннан рухани әсер алып, бірлік пен ынтымаққа негізделген қызметтің маңыздылығын атап өтті.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz