«Үштөбе оқу-ағарту орталығының» директоры Нығыман Жандос Әшімұлының ұйымдастыруымен қысқы демалыс кезеңінде ұл балаларға арналған қысқы діни сауат ашу лагері жалғасуда.
Лагерьдің негізгі мақсаты - өскелең ұрпақтың діни сауатын арттыру, имандылыққа тәрбиелеу және уақытты пайдалы өткізуге баулу.
Бағдарлама аясында балаларға күнделікті дұғалар, ғибратты оқиғалар, сондай-ақ имандылық әліппесі бойынша жүйелі сабақтар өткізілді.
Сабақ барысында ұстаздар балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, тақырыптарды түсінікті әрі тартымды түрде жеткізді.
Лагерьге қатысқан балалар діни біліммен қатар, әдеп пен көркем мінезге қатысты маңызды мағлұматтар алып, рухани тұрғыда мол әсер алды.
Ұйымдастырушылар мұндай тәрбиелік шаралардың балалардың тұлғалық қалыптасуына оң ықпал ететінін атап өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы