Center Image
IHSAN.KZ
«Әл-Ғаффар» мешітінде дәстүрлі азан шақырып ат қою рәсімі өтті
«Әл-Ғаффар» мешітінде дәстүрлі азан шақырып ат қою рәсімі өтті

Қарағанды қалалық «Әл-Ғаффар» мешітінде «Дін мен дәстүр» бағыты аясында ата-бабадан жалғасқан игі дәстүр - сәбиге ат қою рәсімі өткізілді. Рухани мәні зор шара барысында сәбидің құлағына азан шақырылып, есімі қойылды.

Шара барысында мешіт ұстазы Кажимов Дамир шариғат талаптарына сәбидің құлағына азан шақырып, есім қойды.  Сондай ақ, дұға жасап, сәбиге ізгі тілек білдірілді.

Рәсімде ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрдің мәні түсіндіріліп, балаға көркем мінез, иманды өмір, елге пайдалы азамат болып өсуіне тілектер айтылды.

Аталған игі шара Дін мен Дәстүрдің сабақтастығын насихаттап, жас ұрпақтың рухани тәрбиесіне үлес қосты.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz