Шет ауданына қарасты Ағадыр кенті «Иса молла» мешітінің ұстазы Әлия Рахманқызы әйел жамағатына «Ережеп Алланың айы» тақырыбында уағыз-насихат айтты.
Насихат барысында ұстаз Ережеп айының исламдағы орны мен қасиетін кеңінен түсіндіріп, бұл айда жасалатын құлшылықтардың сауабы, сондай-ақ нәпіл ораза ұстаудың үкімі мен артықшылықтары жөнінде жан-жақты баяндады.
Жиын соңында жамағат көкейдегі сұрақтарына жауап алып, рухани тұрғыда мол тағылым алды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы