Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Асылхан Нұртайұлының ұйымдастыруымен мектеп оқушыларына арналған қысқы діни сауат ашу курсы өз мәресіне жетті.
Аталған курс желтоқсан айының 29 және қаңтар айының 10 жұлдызы аралығында ұйымдастырылып, оған қала мектептерінің оқушылары қатысты.
Дәріс барысында жеткіншектерге «Имандылық әліппесі», исламдағы әдеп, тәрбие және адамгершілік құндылықтарға қатысты тақырыптар кеңінен түсіндірілді.
Курстың қорытынды бөлімінде барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталып, оқушыларға арнап дастархан жайылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы