Center Image
IHSAN.KZ
Топар кентінде сәбиге азан шақырып, есім қою рәсімі өтті
Топар кентінде сәбиге азан шақырып, есім қою рәсімі өтті

Абай ауданына қарасты Топар кенті «Жұмабек Тәшен» мешітінің имамы Мурсали Қаленұлының ұйымдастыруымен сәбиге азан шақырып, есім қою рәсімі өтті.

Аталған шара барысында жаңа туған сәбиге ислам дәстүріне сай азан шақырылып, мағыналы есім берілді. 

Айта кетейік, сәбидің анасы -  мұсылман дінін қабылдаған өзге ұлт өкілі. 

Рәсім барысында имам Мурсали Қаленұлы бала тәрбиесінің маңыздылығы жөнінде насихат айтып, исламдағы ұрпақ тәрбиесі, ата-ананың жауапкершілігі және отбасындағы имандылық құндылықтар туралы тағылымды ойларымен бөлісті.

Рухани шара дұға-тілекпен қорытындыланды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz