Қарағанды қалалық «Әл-Ғаффар» мешітінде жамағатқа арналған фиқһ сабағы өткізілді. Сабақты белгілі ұстаз Сейсов Назарбай жүргізді. Дәріс барысында құлшылыққа қатысты фиқһтық мәселелер кеңінен түсіндіріліп, күнделікті өмірде жиі кездесетін сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
Сабаққа жиналған жамағат ұстаздың пайдалы насихатын ықыласпен тыңдап, өздерін толғандырған сауалдарын қоюға мүмкіндік алды. Мұндай діни сабақтар жамағаттың діни сауатын арттырып, дұрыс амал етуге бағыт береді.
Алла Тағала өткен және алдағы білім мәжілістерін қабыл етіп, баршамызға пайдалы етсін.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы