Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлының ұйымдастыруымен және мешіт дін қызметкерлерінің атсалысуымен қаладағы «Киелі шаңырақ» қарттар үйінде қайырымдылық шарасы өтті.
Қайырымдылық шарасы барысында қарттар үйіндегі қарияларға 41 себет азық-түлік таратылды.
Шара аясында мешіт имамы Сайлау Жұмағұлұлы қарияларға ыстық лебізін білдіріп, Құран оқып, бата жасады.
Өз кезегінде мекеме басшылығы мен қарттар үйінің тұрғындары игі істі жүзеге асырған дін қызметкерлеріне ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы