Балалар үйіне жиі барып, қайырымдылық шараларын өткізуді дәстүрге айналдырған Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешіті Әлихан Бөкейхан ауданындағы ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға киім-кешек үлестірді.
Игі шараға ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Асылхан Рахымжанұлы қатысып, балаларға жылы лебізін білдірді.
Шара барысында балаларға оқуға қажетті киім-кешектер мен мектеп формалары табысталып, игі тілектер айтылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы