Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде жат ағымдардың алдын алу мақсатында мешіт наиб имамы Дархан Түменбей жамағатқа «Дәстүрлі ислам және жат ағымдардың айырмашылығы» тақырыбында насихат айтты.
Насихат барысында дін атын жамылған теріс ағымдардың белгілері, олардың қоғамға тигізер зияны, сондай-ақ дәстүрлі ислам құндылықтарын сақтау жайы кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар жамағатты діни білімді тек сенімді дереккөздерден алуға шақырып, бірлік пен ынтымақтың маңыздылығына тоқталды.
Шара соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, игі тілектермен қорытындыланды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы