Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлының ұйымдастыруымен ауа райының күрт суытуына байланысты «Тегін такси» атты қайырымдылық акциясы өткізілді.
Игі бастамаға мешіт жамағаты мен еріктілер бірлесе атсалысып, күннің қақаған аязында қала тұрғындарына жанашырлық танытты. Акция аясында тұрғындар өздері қажет еткен мекенжайларға тегін жеткізіліп, уақытша қиындықты еңсеруге көмек көрсетілді.
Аталған шара қоғамда мейірім мен бірлікті нығайтып, мұқтаж жандарға қолдау көрсетудің жарқын үлгісіне айналды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы