Center Image
IHSAN.KZ
«Қазыбек би» мешітінде Құран мағынасын ұғынуға бағытталған тағылымды курс өтті
«Қазыбек би» мешітінде Құран мағынасын ұғынуға бағытталған тағылымды курс өтті

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Асылхан Нұртайұлының ұйымдастыруымен Құран Кәрімдегі «Фил» сүресінен «Нас» сүресіне дейінгі он қысқа сүренің мағынасы мен тәпсірін тереңірек түсіндіруге арналған арнайы курс өткізілді.

Аталған курс мешіт жамағатының діни сауатын арттыру, Құран аяттарының мазмұнын дұрыс ұғындыру және күнделікті өмірде қолдану мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. 

Дәрістер барысында қатысушылар сүрелердің түсу себептері, мазмұндық мағынасы мен тағылымдық қырлары жөнінде кең көлемде мәлімет алды.

Курс соңында сабақтарға тұрақты қатысып, ерекше белсенділік танытқан шәкірттерге алғыс хаттар табысталып, білімге ынтасын арттыру мақсатында кітаптар сыйға берілді.

Игі шара жамағат тарапынан жоғары бағаланып, мұндай танымдық курстардың алдағы уақытта да жалғасын табатыны айтылды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz