Center Image
IHSAN.KZ
Абай аудандық орталық мешітінің кіреберіс дәлізі жарықтандырылды
Абай аудандық орталық мешітінің кіреберіс дәлізі жарықтандырылды

Абай аудандық орталық мешітінің кіреберіс дәлізіне жамағаттың қолайлылығы үшін зауиауи үлгідегі аспа шамдар орнатылды.

Аталған игі іс Абай аудандық орталық мешітінің имамы Асхат Қанайұлының ұйымдастыруымен жүзеге асырылды.

Жаңадан орнатылған аспа шамдар мешіт ішінің көркемдік келбетін арттырып қана қоймай, жамағаттың мешітке кіріп-шығу барысында ыңғайлы әрі қауіпсіз қозғалуына мүмкіндік береді. 

Сонымен қатар дәліздің жарықтандырылуы мешіттің сәулеттік ерекшелігін айқындай түсіп, рухани ортаға үйлесімді сән беріп отыр.

Мешіт аумағында жүргізіліп жатқан мұндай абаттандыру жұмыстары жамағатқа қолайлы жағдай жасауға бағытталған. 

Алдағы уақытта да мешіттің ішкі және сыртқы инфрақұрылымын жақсарту мақсатындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасын таба бермек.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz