Қарағанды қалалық «Әл-Ғаффар» мешітінің имамы Оралбай Әділбекұлының ұйымдастыруымен мешіт қызметкерлеріне арналған жоспарлы жиын өтті.
Жиналыстың негізгі мақсаты – мешіт ішіндегі қызмет жүйесін реттеу, қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру және ұжымдық тәртіпті нығайту болды. Кездесу барысында мешіттегі әрбір қызметкердің атқаратын міндеттері нақтылап түсіндіріліп, қызмет барысында сақталуы тиіс ішкі тәртіп ережелері кеңінен баяндалды.
Сонымен қатар, жиналыс аясында ұжым арасындағы өзара сыйластық, бірлік пен ынтымақ, басшылыққа бағыну және аманатқа адал болу мәселелері қозғалды. Осы тақырыптарға байланысты Құран Кәрім аяттары мен Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) хадистері келтіріліп, исламдағы тәртіп пен жауапкершіліктің маңыздылығы жөнінде насихат айтылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы