Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің имамы Ақниет Сәлімбайұлы бастаған дін қызметкерлері репрессия құрбандарының мазаратын зиярат етіп, Құран бағыштады.
Зиярат барысында жазықсыз қуғын-сүргінге ұшырап, ел мен жер үшін жанын қиған боздақтардың рухына Құран оқылып, дұға жасалды.
Имамдар репрессия жылдарының халық жадындағы ауыр қасірет екенін атап өтіп, өткен тарихтан тағылым алу, әділдік пен бірлік құндылықтарын ұлықтау – бүгінгі ұрпақтың басты міндеті екенін айтты.
Шара барысында имам Ақниет Сәлімбайұлы ата-бабалар рухына құрмет көрсету – имандылықтың белгісі екенін, мұндай зияраттар жастардың тарихи санасын қалыптастыруға және рухани тәрбие беруге үлкен үлес қосатынын жеткізді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы