«Ислам және адал қоғам» жылы аясында Абай аудандық орталық мешітінде шаңырақ көтерген жас отау иелеріне мешіт наиб имамы «Исламдағы адалдық пен бауырмалдық» тақырыбында насихат айтып, отбасылық өмірдегі имандылықтың, сүйіспеншілік пен сыйластықтың маңыздылығын түсіндірді.
Имамның айтуынша, отбасының берекесі мен қуанышы адалдыққа, шыншылдыққа және бір-біріне деген бауырмалдыққа негізделуі тиіс.
Сондай-ақ, жас жұбайларға өзара сыйластықты сақтап, отбасының рухани құндылықтарын дәріптеуді насихаттады.
Шара барысында қатысушылар сұрақтарын қойып, имамнан кеңестер алды. Жастар өздерінің отбасы өмірін ислам дәстүрлері мен құндылықтарына сай құруға ниет білдірді.
Бұл іс-шара аудандық мешіттің жас отбасыларға көрсететін қолдауының бір көрінісі болып, «Ислам және адал қоғам» жылы аясындағы маңызды рухани шаралардың қатарын толықтырды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы