Center Image
IHSAN.KZ
Зағип жандар «Браиль» әдісімен Құранға түсуде
Зағип жандар «Браиль» әдісімен Құранға түсуде

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде діни оқу-ағарту бағыты аясында қолға алынған «Браиль» әдісімен Құран оқу дәрістері тұрақты жүргізіліп, дәрістердің нәтижесінде зағип жандар қасиетті Құранды оқып, діни білімдерін арттыруда.

Дәрісті мешіттің наиб имамы Дархан Түменбай жүргізуде. Сабақ барысында қатысушыларға Браиль қарпі арқылы Құран аяттарын оқу, тәжуид ережелерін меңгеру және діни сауаттылықты арттыру бағытында жан-жақты түсіндірме беріледі.

Аталған бастама мешіттің қоғамдағы әлеуметтік және рухани жауапкершілігін айқындай отырып, ерекше қажеттілігі бар жандарға қолдау көрсетудің жарқын үлгісі болып отыр.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz