ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен «Халал Даму» мамандарына арналған республикалық семинарында «Халал Даму»-дың Қарағанды облысы бойынша жауапты маманы Амангелді Дәулеткелдіұлы Бас мүфтінің алғыс хатымен марапатталды.
Жиын барысында өткен жылда атқарылған жұмыстар қорытындыланып, 2026 жылға арналған нақты жоспарлар мен міндеттер айқындалды.
Сондай-ақ, 2025 жылы жүзеге асқан жобалар мен қол жеткізген жетістіктер үшін сала мамандарына алғыс айтылды.
Айта кетейік, Қарағанды облысы өкілдігі «Халал Даму» бағыты бойынша Алматы мен Астана қалаларының артынан белсенділігі жағынан үшінші орында тұр. Яғни, халал кәсіпорындар мен өнімдерге сұраныс пен тұтыну деңгейі, сондай-ақ кәсіпорындардың сапасы бойынша үздік қызмет атқарып келеді.
Жиында 2026 жылы халал стандарттарын одан әрі күшейту, сертификаттау үдерісін жетілдіру, бақылау тетіктерінің ашықтығын арттыру және тұтынушылар сенімін нығайту бойынша нақты тапсырмалар жүктелді.
Жиын қорытындысы бойынша алдағы жылға арналған нақты тапсырмалар мен міндеттер бекітіліп, әр өңірге арнайы іс-шаралар жоспары таратылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы